Header Banner

Мәслихат сайлауы: Елорда тұрғындары сайлауда екі бюллетень арқылы дауыс береді

Бүгін, 15:06
Думан Аманжол Думан Аманжол
Мәслихат сайлауы: Елорда тұрғындары сайлауда екі бюллетень арқылы дауыс береді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордада 29 қараша күні Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау өтеді. Дауыс беру күні әр сайлаушыға екі бюллетень беріледі. Оның бірінде саяси партияны, екіншісінде бірмандаттық сайлау округі бойынша ұсынылған кандидатты таңдау қажет, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дауыс беру күні әр сайлаушыға түсі әртүрлі екі бюллетень беріледі:

Көк бюллетень – партиялық тізім бойынша сайлауға қатысатын саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған.

Жасыл бюллетень – бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайлауға түсетін кандидаттар үшін дауыс беруге арналған.

Яғни сайлаушылар екі бөлек таңдау жасайды: біріншісінде саяси партияға, екіншісінде өз сайлау округі бойынша ұсынылған кандидатқа дауыс береді.

Екі бюллетеньде де «Барлығына қарсы» деген нұсқа бар.

Еске салсақ, сайлаушылар өздерінің қай учаскеде дауыс беретінін бірнеше жолмен біле алады:
• sailau.astana.kz ресми сайты арқылы;
• «Сайлау Астана» Telegram чат-боты арқылы;
• 109 нөмірі бойынша iKomek бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы.

Сайлау күні әр азамат өз учаскесіне жеке басын куәландыратын құжатымен баруы тиіс.