Олжас Нұралдинов Мәжілістің жаңа депутаты атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол өкілеттігін тоқтатқан «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Ержан Бейсенбаевтың орнына келді.
«Бүгін Мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдап, Қаржы және бюджет комитетінің құрамына сайланды»,- делінген хабарламада.