«Ұлы дала жорығы-2025»: Астаналық шабандоздар жеңімпаз атанды
15 мамыр, 2025
Фото: instagram.com/joryqofficial
Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыстың соңғы күні 6 команда Алматы облысының Іле ауданына қарасты Ақши аулының маңынан жорықты жалғап, Қонаев қаласында аяқтады.
Бес күн, яғни 500 шақырым қорытындысы бойынша Астана қаласының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орын иегері – Қырғыз Республикасының бірінші командасы, ал үшінші орынға Ұлытау облысы жайғасты.
Айта кетейік, жол қашықтығы 500 шақырымды құрады және бағыт Алматы облысының аумағын қамтыды.
Ұқсас жаңалықтар
12 маусым, 2026
Астаналық спортшылар пара армрестлингтен Азия чемпионатында 15 медаль жеңіп алды
9 маусым, 2026
Азия чемпионы атанған астаналық спортшылар елге оралды
8 маусым, 2026
Астаналық гимнаст Испаниядағы турнирде екі қола медаль жеңіп алды
5 маусым, 2026
Астаналық спортшы Азия чемпионы атанды