Төтенше жағдайлар министрлігінде Президент Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланды

Төтенше жағдайлар министрлігінде Президент Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланды
Фото: ТЖМ

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінде Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру мәселелері талқыланды. Негізгі назар төтенше жағдайлардың алдын алу, құтқару инфрақұрылымын дамыту және заманауи технологияларды енгізуге аударылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановтың төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Ведомство басшысы цифрландыру, технологиялық даму, инфрақұрылымды жаңғырту және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелеріне тоқталды.

Азаматтық қорғау саласында төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою тетіктерін жетілдіру, құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық мүмкіндіктерін дамыту, сондай-ақ табиғи және техногендік қауіп-қатерлерге ден қою дайындығын арттыру міндеттеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысында Президент Жолдауында айқындалған басымдықтарды азаматтық қорғау органдарының күнделікті қызметіне енгізу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттігі аталып өтті.

Бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Президент Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілгені хабарланған еді.