Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында Астана қаласының әкімдігі әзірлеген «Қаладағы жеңіл рельстік көлікпен (LRT) жолаушылар мен жүкті тасымалдау тарифі туралы» жобасы жарияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Жобаға сәйкес, жеңіл рельстік көлік желісінде бір сапарға билет құны 200 теңге деп белгіленген. Төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.
Сонымен бірге, 2017 жылғы 20 шілдедегі №167/21-VI Астана қалалық мәслихатының шешімі бойынша, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын жекелеген санаттағы азаматтар қоғамдық көліктегі төлемнен босатылған.
Жоба Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында қарау және қоғамдық талқылау үшін қолжетімді.
LRT билетінің құны 200 теңге болады
12 наурыз, 2026
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:13
Радикалдану неден басталады және қалай алдын алуға болады
4 қараша, 2026
Балалар қауіпсіздігі: Қазақстанда құқық бұзушылықтар саны азайды
4 қараша, 2026
Қазақстанда ветеринариялық препараттарды бақылайтын арнайы инспекция құрылады
4 қараша, 2026
Астанада волонтерлердің экология және төтенше жағдайлар бағытындағы жұмысы қорытындыланды