Киберполиция қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
29 қаңтар, 2025
Фото: ЖИ иллюстрациясы
Алматы киберполициясы Қазақстандағы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, - деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Егжей-тегжейлі талдау, бұл алаяқтыққа көбінесе шетелден келген адамдар жетекшілік ететіндігін көрсетті, олар қазақстандық ЖК, ЖШС өз ісін дәлелді ету үшін пайдаланады. Бұл қалай болады: қаскөйлер жомарт сыйақы беремін деп адамды өз атынан компания ашуға және оны жалға беруге көндіреді. Сонымен қатар заңды тұлғаның иесі өзін алаяқтық тізбекке араластырып жатыр деп күдіктенбеуі де мүмкін. Біздің кеңес: ЖК мен ЖШС-ні үшінші адамдарға жалға бермеңіз, өйткені жалға алынған ЖК мен ЖШС-ні қылмыстық мақсатқа пайдалану деректері жиілеп барады. Әйтпесе, қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін. Сондай-ақ сізден келтірілген материалдық залалды азаматтық іс жүргізу тәртібімен өндірілуі мүмкін», - деді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.
Ұқсас жаңалықтар
17 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
16 қыркүйек, 2026
Бас прокуратура ескертеді: Талдықорғандық трейдингке сеніп 7 млн теңгесінен айырылды
16 қыркүйек, 2026
Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағында өрт шықты
15 қыркүйек, 2026
Атырауда дроннан өсімдік тектес зат салынған 11 пакет табылды