Түркістан облысы Қазығұрт ауданында полицияға жеке тұрғын үйдің шатырынан қомақты ақша табылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері тексеру барысында 5 миллион теңгеден астам ақша салынған бірнеше пакетті тапты.
Анықталғандай, жанашыр тұрғындар қарт әйелдің үйін жөндеп беруге ниет білдіріп, іске кіріскен. Жөндеу жұмыстары шатырға жеткенде, олар сол жерден бірнеше пакетке салынған қомақты қаражат тауып алған. Олар бірден полиция қызметкерлеріне хабар берген.
Үй иесінің айтуынша, ол қаражатты жылдар бойы жинаған.
«Қажетті іс-шаралар өткізіліп, барлық жағдай анықталғаннан кейін ақша заңды иесіне қайтарылады», - делінген хабарламада.