06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Күрестен халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

|
Photo: Фото: Olympic.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Күрестен халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

|
Photo: Фото: Olympic.kz

Күрестен мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Дүбірлі додаға Қазақстан, АҚШ, Қытай, Қырғыстан, Өзбекстан, Аустралия, Бразилия, Ресей, Моңғолия спортшылары қатысты. 

21 желтоқсанда 57 келі, 65, келі, 74 келі, 86 келі және 97 келі салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар анықталды.

Төменде жарыс жеңімпаздары көрсетілген:

57 келі: Рахат Қалжан (Қазақстан)

65 келі: Әділ Оспанов (Қазақстан)

74 келі: Дэвид Аарон (АҚШ)

86 келі: Болат Сақаев (Қазақстан)

97 келі: Джонатан Айелло (АҚШ)

Аталмыш турнирдің соңғы күнінде 61 келі, 70 келі, 79 келі, 92 келі және 125 келі салмақ дәрежелері бойынша медальдар сарапқа салынды.

Төменде жарыс жеңімпаздары көрсетілген:

61 келі: Мейрамбек Қартпай (Қазақстан) 

70 келі: Ерназар Акматалиев (Қырғыстан) 

79 келі: Сулдхуу Олонбаяр (Моңғолия)

92 келі: Азамат Дәулетбеков (Қазақстан) 

125 келі: Серік Бақытханов (Қазақстан)

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗