Ердоған Астанаға мемлекеттік сапармен келеді
10 мамыр, 2026
Фото: akorda.kz
13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.
Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.
15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.
Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.
Еске салсақ, Президент Румен Радевті Болгария Премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады.
Ұқсас жаңалықтар
29 шілде, 2026
Президент әлем чемпионы атанған қазақстандық семсерлесушілерді құттықтады
29 шілде, 2026
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесті
29 шілде, 2026
Астанада 34 елдің спортшылары «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде бақ сынайды
29 шілде, 2026
«Болашақ ойындары – 2026» ашылуы мерекелік концертпен өрнектелді