07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордалық зейнеткерлер қазақ биінен ерекше флэшмоб өткізді

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордалық зейнеткерлер қазақ биінен ерекше флэшмоб өткізді

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Қарттар күніне орай «Нұра» ауданының 50-ден астам зейнеткері «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы маңында қазақ биінен ерекше флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шараға қатысушылар – «Нұра» ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының би үйірмесіне қатысушы ата-әжелер. Арасында халықаралық байқаулардың жеңімпазы «Қыздарай» хореографиялық ансамблі де бар. Ұжымға кәсіби хореограф Ирина Смағұлова жетекшілік етеді.

Айта кетсек, «Нұра» ауданында зейнеткерлер 2024 жылдың ақпан айынан бастап белсенді түрде би үйірмесіне қатысып келеді. Қазіргі таңда бұл үйірмеге 111 зейнеткер тұрақты түрде қатысады.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының барлық 6 ауданындағы филиалдарында би үйірмелері жақсы жолға қойылған. Қазіргі таңда 500-ге жуық зейнеткер бимен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанып жүр.

Әр ауданда зейнеткерлердің қызығушылықтарына қарай клубтар жұмыс істейді. Атап айтқанда, «Алматы» ауданында «Аэлита», «Салтанат», «Айби», «Байқоңырда» – «Қызғалдақ», «Достар», «Інжу Данc», «Жалын», «Есіл» ауданында – «Жаңа толқын», «Нұра» ауданында – «Элеганс», «Аңыз» би ұжымдары бар.

Зейнеткерлер флешмоб арқылы өз замандастарына салауатты өмір салтын насихаттап, Қарттар күнімен шын жүректен құттықтады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗