Елордалық боксшы Темірлан Мұқатаев Азия чемпионы атанды
11 тамыз, 2025
фото: Астана қаласы әкімдігі
Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл жарыста ел намысын қорғаған елордалық спортшы чемпион атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
90 келі салмақта ел намысын қорғаған елордалық спортшы Темірлан Мұқатаев ақтық бәсекеде өзбекстандық боксшы Шохрух Абдумаликовты 3:2 есебімен жеңіп, алтын медальға ие болды.
Сонымен қатар, жастар арасындағы Азия чемпионатында қыздар арасында жерлесіміз Ақбота Есімбекова қола медаль иеленген болатын.
Айта кету керек, аталмыш турнирге 26 елден 400-ге жуық жас спортшы қатысты. Турнир бүгін аяқталады.
Бұл жарыс – World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткізілетін алғашқы құрлықтық біріншілік.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:33
Елордада 300 мың оқушыға су ресурстарын қорғау сабағы өтті
Бүгін, 07:01
Дүйсенбі Астанада ауа райы қандай болады
20 қыркүйек, 2026
WTT Star Contender Astana 2026 – President’s Cup-тың алғашқы жеңімпаздары анықталды
20 қыркүйек, 2026
Астанада санитария-эпидемиология қызметінің өкілдері марапатталды