Астаналық «Барыс» Континенталдық хоккей лигасының (КХЛ) жаңа маусымдағы алғашқы кездесуін жеңіспен ашты, деп хабарлады Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Өз алаңындағы матчта «Барыс» овертаймда Челябинскінің «Тракторын» 4:3 есебімен тізе бүктірді.
Астанада өткен кездесуді 10 мыңнан астам жанкүйер тамашалады.
Бұл жеңіс «Барыс» үшін маусымды жоғары көңіл-күймен бастауға мүмкіндік берді.
