Елордада заңгерлер зейнеткерлерге құқықтық көмек көрсетті
Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қатысушыларға құқықтық көмек көрсету және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заңгерлік кеңес» акциясы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акция барысында зейнеткерлер өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандардан кеңес алды. Мамандар қолданыстағы заңнама талаптарын жан-жақты түсіндіріп, күрделі өмірлік жағдайларда туындаған мәселелерді шешу жолдарын көрсетіп, қажетті құқықтық ақпарат ұсынды.
Қатысушылар мұндай кездесулердің өздері үшін өте пайдалы әрі маңызды екенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта да осындай құқықтық кеңес беру іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрса деген тілектерін жеткізді.
Адвокаттар алқасының адвокаттары, жеке сот орындаушылары мен нотариустар азаматтарды тегін қабылдап, түрлі құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты кеңес берді. Акция барысында 30-дан астам зейнеткер құқықтық көмек алды.