Астанадағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және жастармен кездесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Кездесуге депутаттар Сергей Пономарев, Евгений Больгерт және Шерзод Пулатов қатысты. Олар Құрылтай жұмысының негізгі бағыттары, заңнамалық бастамалар мен депутаттық қызметтің басымдықтары жөнінде айтып берді.

Жиында ел бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді сақтау және мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.
Ашық пікір алмасу барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар депутаттарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.