Референдум-2026

Елорда прокуратурасының қызметкерлері қалалық емхананың ұжымымен кездесті

Елорда прокуратурасының қызметкерлері қалалық емхананың ұжымымен кездесті
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында елорда прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп №8 қалалық емхананың ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Кездесу барысында қызметкерлерге интернет-алаяқтықтың, есірткіге тәуелділіктің және дропперліктің алдын алу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының заңды күшіне енген нормативтік қаулыларының ережелері түсіндірілді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, емхана қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша практикалық түсіндірмелер алды.