2026 жылдың 9 айында темір жол көлігімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 900 мың тоннаға артық. Экспортқа 24 млн тонна (+300 мың тонна) жөнелтілді, Қазақстан бойынша 53 млн тоннадан астам (+600 мың тонна) тасымалданды.
Жылыту маусымы басталғаннан бері, осы жылдың 1 мамырынан 30 қыркүйегіне дейін республика бойынша 28 млн тонна көмір тасымалданды – өткен маусымның ұқсас кезеңі деңгейінде. Оның ішінде 25,8 млн тонна ЖЭО-ға және 2,3 млн тонна коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін бағытталды. Елдің ЖЭО-дағы көмір қоры норма деңгейінде немесе одан жоғары деңгейде.
Өңірлердің коммуналдық-тұрмыстық көмірге жоспарлы қажеттілігі мамыр мен қыркүйек аралығында 2,3 млн тонна көлемінде толық орындалды.
Барлық жылыту маусымына автокөлікпен әкетілетін көлемді қоса алғанда, 7,3 млн тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізу көзделген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 154 мың тоннаға аз. Төмендеу өңірлерді газдандыру деңгейінің өсуімен байланысты
Еске салайық, бұған дейін қатты аязда Астанадағы 2-ЖЭО-да тәулігіне қанша көмір жағылатыны туралы жаздық.