Астанада бірқатар халықаралық саяси іс-шараның өтуіне байланысты 10-14 қазан аралығында қала көшелерінің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, халықаралық іс-шаралар кезінде арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының және Қарулы күштердің күштері мен құралдары жұмылдырылады.
«Оған қоса, 9 қазаннан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған», - делінеді хабарламада.
Мемлекеттік күзет қызметі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына түсіністікпен қарап, уақытша қолайсыздықтарды ескеруді сұрады.