Elorda Aqparat медиахолдингінің директоры Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапатталды
27 наурыз, 2026
Фото: AMANAT партиясы
AMANAT партиясының орталық аппаратында жаңа Конституцияның қабылдануына орай бір топ белсенді азамат марапатталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Президенттің атынан берілген Алғыс хатты AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек табыстады.
Жаңа Конституция жобасы ұсынылған республикалық референдумға ақпараттық қолдау көрсеткен Elorda Aqparat медиахолдингінің директоры Олжас Сыдықбек те Мемлекет басшысының Алғыс хатын иеленді.
«Бұл мемлекеттік саясатты қолдаудағы ұжымның үйлесімді атқарған жұмысының нәтижесі деп білемін. Алдағы уақытта да бүкіл халық болып қолдаған жаңа Ата заңымыздың аясында мемлекеттің тұрақты дамуына қызмет ете бермекпіз», - деді Олжас Сыдықбек.
Ұқсас жаңалықтар
29 сәуір, 2026
Белгілі қаламгер Төлен Тілеубайдың «Ақтоғайым, мен сенің бір ұлыңмын!» шығармашылық кеші өтті
12 сәуір, 2026
Ғылым қызметкерлері күні: Қайрат Қадыржановқа ҚР Мемлекеттік наградасы табысталды
2 сәуір, 2026
Ақын Әбжан Әбілтайдың «Сөз киесі» кітабы жарыққа шықты
14 ақпан, 2026
Шахмардан Есеновтің 100 жылдығы UNESCO деңгейінде аталып өтуі мүмкін