Елімізде судың «қара нарығын» жою үшін іс-шаралар жоспары қабылданады
Су ресурстары және ирригация министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп іс-шаралар жоспарын әзірлеуде, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоспарға құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың қатысуымен республикалық ведомствоаралық жұмыс тобын құру қарастырылған. Бұл шара су ұрлығы мен заңсыз су пайдалану мәселелеріне тиімді қарсы күрес жүргізуге бағытталған.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің жылдық қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында 2025 жылғы вегетация кезеңінде өткен жылмен салыстырғанда анықталған құқық бұзушылықтар саны 221-ден 526-ға дейін өсіп, салынған айыппұлдар саны 501-ден 801-ге жеткен, ал айыппұлдардың жалпы сомасы 41,2 млн теңгеден 146,7 млн теңгеге дейін артқанын мәлімдеді.
Бұған дейін Үкімет 2025 жылға арналған су саласын дамыту жұмыстарын қорытындылағанын жазған болатынбыз.