Референдум-2026

Елімізде оқушылардың сабақ кезінде телефон қолдануына шектеу қойылады

Бүгін, 16:14
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде оқушылардың сабақ кезінде телефон қолдануына шектеу қойылады
Фото: Magnific.соm

Қазақстанда оқушыларға сабақ кезінде смартфон қолдануға шектеу қойылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, телефонды тек оқу тапсырмаларын орындау үшін қажет сабақтарда пайдалануға рұқсат етіледі.

«Біз бірыңғай талап дайындадық, ал осы талап негізіндегі ұйымдастыру жұмыстарын мектеп әкімшіліктері өздерінің ішкі тәртібі арқылы шешеді», - деді ол.