Бұлт ішінде жүргендей боласың – блогер Астанадағы ерекше бұрқақ туралы айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 11:59
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Бұлт ішінде жүргендей боласың – блогер Астанадағы ерекше бұрқақ туралы айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот/nurqojager/Instagram

Саяхат, авто-туризм және life-style бағытындағы блогер Нұрқожа Ерсайын әлеуметтік желіде оқырмандарын елордадағы «Мыңжылдық» аллеясында бой көтерген жаңа композиямен таныстырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ол Астана қаласы «Мыңжылдық» аллеясында Қалыбек Қуанышбаев театрының қасында керемет жоба ашылғалы тұрғанын айтып сүйіншіледі.

«Астанада жаңа локация: 30 бағаннан тұратын ерекше композиция. Мына жерде бұлттың ішінде жүргендей боласың. Бұлт деп айтсақ та болады. Судың буға айналған түрі. Бірақ ыстық емес, салқын бу. Астынан да, үстінен де тұман жіберіліп жатыр. Ыстық күні тұрғындардың салқындауына болады. Жалпы, келіп, суретке түсіп, керемет көріністі тамашалауға арналған жер. Астана бізді таңғалдырудан шаршамайды. Осындай ерекше бірегей жобаларды бірінен соң бірін таныстырып жатыр», - деді ол.

Блогер, сондай-ақ, ерекше бұрқақтың тамыздың соңына қарай ашылатыны туралы ақпаратпен бөлісті.

Еске салайық, бұдан бұрын Астанадағы тұрғын үй кешенінің қасбетіне «Таңсәрі» муралы салынғаны туралы жаздық.