Бүгін Астанада ауа райы қандай болады

Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазгидромет 30 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада көшпелі бұлт шығып, кей уақытта жаңбыр, жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Солтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с-ге жетеді. 

Күндіз ауа температурасы +14, +16°C.