Бүгін Астанада ауа райы қандай болады

Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазгидромет 9 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы да ықтимал.

Күндіз ауа температурасы +21,+23°С.

Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей уақытта екпіні 15-20 м/с-ге жетуі мүмкін.