Биыл көлік қызметтерінің көлемі 20,7%-ға артты – министр
9 желтоқсан, 2025
primeminister.kz
Биылғы 10 айда көлік қызметтерінің көлемі 20,7%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол бүгінгі таңда көлік саласы экономиканың өсу драйверлерінің біріне айналғанын атап өтті. Осы жылдың 10 айында негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Көлік қызметтерінің көлемі 20,7%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18,4%-ға артты.
«Ал транзиттік жүктердің көлемі 29,4 млн тоннаға жетті, оның өсу деңгейі 5%-ды құрайды», - деді Нұрлан Сауранбаев.
Бұған дейін Президент Қазақстанда көлік-транзит саласы қарқынды дамып жатқанын айтқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
12 қыркүйек, 2026
Түркістан облысында «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы 86%-ға аяқталды
10 қыркүйек, 2026
ЕАЭО-ның жаңа кооперациялық жобаларына Қазақстан кәсіпорындары қатысады
9 қыркүйек, 2026
Қазақстанда «қызыл аймақтағы» ЖЭО саны төрт есе қысқарды
8 қыркүйек, 2026
Олжас Бектенов кадрларды даярлау мен сертификаттаудың салалық кластерлерін құруды тапсырды