Референдум-2026

Биыл Астанада 1,7 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Биыл Астанада 1,7 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Биыл Астанада жалпы құны шамамен 200 млрд теңге 29 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде 1,7 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Бұл туралы Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы редакцияның ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, аталған жобалар Жалпыұлттық инвестициялық пул аясында жүзеге асырылады.

Жаңа жобалардың іске қосылуы өндіріс, логистика, білім беру, медицина және қызмет көрсету салаларының дамуына серпін беріп, қала экономикасының тұрақты өсіміне ықпал етеді.

Сонымен қатар инвестициялық жобалар жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, әлеуметтік инфрақұрылымды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін елорда инвестицияның жаңа орталығына айналып келе жатқанын жазғанбыз.