05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Бас мүфти Рамазан айында азық-түлік бағасына жеңілдік жасауды ұсынды

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Бас мүфти Рамазан айында азық-түлік бағасына жеңілдік жасауды ұсынды

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Рамазан айына орай БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге арнайы үндеу жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz Muftyat.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қадірлі отандастар! Баршаңызды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қасиетті айда ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларына үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық. Қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да – сауапты істің бірі. Бұл айда тек табысқа кенелуге емес, ең бастысы Хақтың разылығы мен халықтың алғысын алуға асыққан абзал. Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземіз», - деді Бас мүфти.

Айта кетейік, биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – ораза айт мерекесі. Қасиетті айда берілетін пітір садақасы 655 теңге болып бекітілді. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗