Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті ресми сапармен келеді

8 желтоқсан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті ресми сапармен келеді
Оңалхан Өнерхан

10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.

Бұған дейін елімізге алғаш рет Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта ресми сапармен келген болатын.