Референдум-2026

Астанадағы «Болашақ ойындары 2026»: плей-офф пен финалдарға билеттер сатылымы басталды

Бүгін, 16:09
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанадағы «Болашақ ойындары 2026»: плей-офф пен финалдарға билеттер сатылымы басталды
Фото: ұйымдастырушылардан

«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) халықаралық мультиспорттық турнирі қорытынды кезеңге шықты. 1 шілдеден бастап жарыс күндеріне арналған билеттер Freedom Ticketon платформасында қолжетімді, ал бұл уақытта бірқатар негізгі дисциплиналар бойынша «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) чемпионы атағы мен 4 миллион доллардан асатын қомақты жүлде қоры үшін бақ сынайтын қатысушылардың құрамы бекітілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) - фиджитал-спорт пен киберспортты біріктіретін жарыстың инновациялық форматы. Астанадағы турнир цифрлық дәлдік, стратегиялық ойлау және физикалық шеберлік бірыңғай бәсекелестік кеңістікті құрайтын дисциплиналар бойынша халықаралық командалар мен мықты ойыншылардың басын қосады.

Билеттерді сату Freedom Ticketon сайты, Freedom SuperApp мобильді қосымшасы, сондай-ақ билет виджеті интеграцияланған «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) локальді сайты арқылы жүзеге асырылады. Көрермендер үшін матчтардың ресми онлайн-трансляциялары да қарастырылған.

Жартылай финал және финал билеттерінің құны

Дисциплина

Playoff Pass

Final Pass

VIP Final

Студенттік билет

Балалар билеті

Phygital Football

8 000 тг

10 000 тг

10 000 тг

6 000 тг

4 000 тг

Phygital Basketball

8 000 тг

10 000 тг

10 000 тг

6 000 тг

4 000 тг

MOBA Mobile

8 000 тг

10 000 тг

15 000 тг

6 000 тг

4 000 тг

MOBA PC

8 000 тг

10 000 тг

15 000 тг

6 000 тг

4 000 тг

Battle Royale

8 000 тг

10 000 тг

15 000 тг

6 000 тг

4 000 тг

Phygital Shooter

8 000 тг

10 000 тг

10 000 тг

6 000 тг

4 000 тг

Phygital Fighting

-

10 000 тг

20 000 тг

6 000 тг

-

 

Өткізу орындары мен жарыс күндері

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы MOBA PC және MOBA Mobile бойынша жарыстарды қабылдайды. Билеттік бағдарламаның тұжырымдамасына сәйкес, бұл дисциплиналар бойынша жарыстар әрқайсысы төрт күнге жоспарланған.

Beeline Arena Battle Royale және Phygital Shooter дисциплиналарына арналған алаңға айналады, бұл ретте Battle Royale үш жарыс күніне, ал Phygital Shooter бес күнге есептелген.

«Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені Phygital Football, Phygital Basketball және Phygital Fighting бойынша жарыстарды қабылдайды. Сессиялар бойынша квоталық модельге сәйкес, Phygital Basketball 2026 жылғы 29 шілдеден 3 тамызға дейін, Phygital Football - 4-9 тамыз аралығында, Phygital Shooter - 4-8 тамыз аралығында өтеді, ал Phygital Fighting сессиялық торда 8 тамызға жоспарланған.

Дисциплиналар бойынша қатысушылар

Бұған дейін «Болашақ ойындарының» (GOTF) ресми сайтында Battle Royale - PUBG: BATTLEGROUNDS және MOBA PC - Dota 2 бойынша командалар тізімі жарияланған болатын; бүгін Phygital Shooter - CS2 командаларының құрамымен бөлісеміз.

Phygital Shooter - CS2 Жарыс Beeline Arena алаңында өтеді. Бұл дисциплинаның матчтары турнирдің жарыс бағдарламасы аясында жоспарланған; жалпы жүлде қоры - $150 000. Phygital Shooter - CS2 бойынша расталған қатысушылар:

•          Eternal Fire

•          KSI (TBD)

•          Klan Pedrajas

•          Liga Pro Team

•          Minsk House

•          MIRAGE TEAM

•          Novaq

•          Team Hybrid

Көрермендерге билеттерді алдын ала сатып алу ұсынылады. Турнирдің билеттік стратегиясында бағаны динамикалық басқару, квоталарды қайта бөлу және жекелеген сессиялар үшін арнайы пакеттік ұсыныстар тетіктері қарастырылған.

Анықтамалық ақпарат 

«Болашақ ойындары» (GOTF) – фиджитал-спорт әлеміндегі ең ірі халықаралық оқиға, ол кәсіби ойыншыларды, клубтар мен жанкүйерлерді бір алаңға біріктіреді. Турнир цифрлық және физикалық белсенділіктер біртұтас дүниеге айналатын спорттың жаңа форматын көрсете отырып, фиджитал-қозғалысты дамытуда маңызды рөл атқарады.

«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) халықаралық мультиспорттық турнирінің негізгі жергілікті ұйымдастырушысы – ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қазспортинвест» АҚ.

«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) құқық иегері – фиджитал саласындағы инновацияларды ілгерілету және енгізу бойынша әлемдік көшбасшы Phygital International компаниясы. Ол жарыс іс-шараларында физикалық спорт түрлері мен цифрлық ойындарды үйлесімді түрде ұштастырады.

БАҚ үшін байланыс: 

«Қазспортинвест» АҚ баспасөз хатшысы

Есбол Айлана +7 705 555 10 98,

pr@kazsportinvest.kz

www.astana2026.kz