Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қаза болуына қатысты сот процесі басталды

Бүгін, 10:51
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қаза болуына қатысты сот процесі басталды
Фото: ҚР Жоғарғы соты

Астана қаласында жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қаза болуы және басқа да адамдардың денсаулығына зиян келтірілгеніне тұрғын үй қасбетінің опырылуына қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Іс бойынша мемлекеттік айыптауды прокурорлар Нұрдәулет Абуов пен Саяжан Серікова қолдайды.

Сот талқылауы ашық түрде өтуде және сот отырыстары ҚР Жоғарғы Сотының YouTube-тағы @jogargy_sot арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Істің барлық мән-жайы сот талқылауы барысында анықталып, сот тарапынан тиісті құқықтық баға беріледі. Сотталушының кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін ол кінәсіз болып саналады.

Сот процесінің барысын тікелей эфирден бақылауға болады.

Еске сала кетейік, Астанада жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның үстіне кондиционер қондырғысының бөлігі құлап қайтыс болған еді.