Референдум-2026

Астанада балалардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шара өтті

Астанада балалардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шара өтті
Фото: Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Саналы ұрпақ» жобасын іске асыру аясында «Нұра» ауданының прокуратурасы балаларға арналған әлеуметтік маңызы бар іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қолдау деңгейін арттыру болды.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Осындай іс-шараларды өткізу отбасылық және қоғамдық құндылықтарды нығайтуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және балалардың дамуы үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта құруға ықпал етеді.

«Нұра» ауданының прокуратурасы балаларды қолдауға, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайтуға бағытталған бастамаларды іске асыруды жалғастырады.