Референдум-2026

Астана – Қарағанды тасжолында бір жолақ жабылады

11 шілде, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астана – Қарағанды тасжолында бір жолақ жабылады
Фото: ҚазАвтоЖол

Бүгін Астана-Қарағанды-Алматы автожолының 42-шақырымында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

ҚазАвтоЖол мәліметінше, шектеу 10 шілдеде болған жол-көлік оқиғасынан кейін зақымданған барьерлік қоршауды қалпына келтіру жұмыстарына байланысты енгізіледі.

Жөндеу кезінде жол қызметтері қоршауды түзету және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Оған төрт арнайы техника тартылады.

«Жол қозғалысы қауіпсіздігін және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жөндеу жүргізілетін учаскеде Астана қаласы бағыты бойынша бір қозғалыс жолағы уақытша жабылады», - делінген хабарламада.

Жұмыстарды 11 шілде күні сағат 18:00-ге дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Компания жүргізушілерге аталған учаскеде жылдамдықты төмендетіп, уақытша жол белгілері мен мамандардың нұсқауларын сақтауды ескертті.

Еске сала кетейік, Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Д.Қонаев көшелерінің қиылысы уақытша жабылды.