Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өткізу пункттерінде жалған және бөгде құжаттарды пайдаланатын адамдардың ел аумағына кіруіне жол бермеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«2026 жылдың қыркүйек және қазан айларында Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын жалған құжаттармен кесіп өтуге әрекет жасаған 19 шетел азаматы анықталды.
Құқық бұзушылардың басым бөлігі жалған визаларды және үшінші тұлғалардың анықтау деректері көрсетілген құжат бланкілерін пайдаланған», - делінген хабарламада.
Аталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Жалпы, жыл басынан бері шекаралық бақылауды жүзеге асыру барысында осындай 358 фактінің жолы кесілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны жалған және бөгде құжаттарды пайдаланып кесіп өткені үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін хабарлайды.
Еске сала кетейік, қазақстандық лоукостер әуе билеттеріне жеңілдіктер жасайды.