Астана қаласы әкімінің қатысуымен интернет-конференция өтеді
26 желтоқсан, 2024
Фото: Оңалхан Өнерхан
2024 жылғы 30 желтоқсанда сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін «электрондық үкімет» порталында (egov.kz) Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен интернет-конференция өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Интернет-конференция мына тақырыптарды қамтиды:
1. Мектептердің құрылысы;
2. Газдандыру;
3. Аулаларды абаттандыру және қоғамдық кеңістіктердің дамуы;
4. Тұрғын алаптарын дамыту;
5. Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту.
Айта кетейік, конференцияға қатысуға ниет білдіргендердің бәрі egov.kz сайтында өз сұрақтарын қалдыра алады. Ол үшін «Ашық диалог» қосымша бетінің «Интернет-конференциялар» бөліміне кіру керек. Кіру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
LRT-ның екінші кезеңі: Қосшы бағытындағы алғашқы баған дайындалды
3 мамыр, 2026
Астанадағы жәрмеңкеде өңірлерден келген 30-ға жуық кәсіпкер өнімін ұсынды
3 мамыр, 2026
Астанада қала сыртындағы айналма жолдың бір бөлігі жабылады
3 мамыр, 2026
Астанада 440-тан астам студент әскери ант қабылдады