Header Banner

Астана су қоймасында жабайы қабандар байқалды - ВИДЕО

Бүгін, 16:18
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астана су қоймасында жабайы қабандар байқалды - ВИДЕО
видеодан скриншот/t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi

Астана су қоймасының аумағында алғаш рет төлімен бірге жүрген жабайы қабандар байқалды. Ерекше кездесуді нысан қызметкерлері өндірістік жұмыстарды орындап жүргенде видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Видеода ұрғашы қабан мен оның бірнеше торайының су қоймасы аумағында емін-еркін жүргені көрінеді.

Ведомствода сондай-ақ қазіргі уақытта Астана су қоймасын реконструкциялау жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

«Есіл өзенінің ағысын реттейтін бұл нысан елорданы сумен қамтамасыз етуге арналған. Жүзеге асырылып жатқан жоба су қоймасының сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруды, сондай-ақ оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуді көздейді», - делігнен хабарламада.

Бұдан бөлек, су қоймасын тұнба шөгінділерінен механикалық әдіспен тазарту жұмыстары екінші жыл қатарынан жүргізіліп келеді. Тазарту жұмыстары жаңа жер снарядтары арқылы жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, Астанада кәріз суын тазартатын жаңа нысандар салынады.