Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
11 тамыз, 2025
фото: видеодан алынған кадр/t.me/qazavtojol
2025 жылғы 11 тамыз сағат 00:10 шамасында «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының 1396-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлады Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай аударылған.
«Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, алты адам түрлі жарақат алды. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтап, жолға шығар алдында көліктің техникалық жай-күйін тексеру керектігін ескертеміз»,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды