Ақтау – Үрімжі бағытында жаңа халықаралық рейс ашылады
Ақтау – Үрімжі бағытында жаңа халықаралық рейстің алғашқы ұшуы 26 маусымға жоспарланған, деп хабарлайды Elordainfo.kz FlyArystan әуе компаниясына сілтеме жасап.
Рейс аптасына екі рет – сейсенбі, жұма күндері орындалады. Кері бағыттағы рейстер сәрсенбі, сенбі күндері жүзеге асырылады.
«Біз халықаралық рейстерді Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі, соның ішінде елдің батыс аймағындағы жолаушыларға Қытайдың негізгі экономикалық орталықтарының біріне тікелей әрі ыңғайлы әуе қатынасын ұсынуға мүмкіндік береді. Қазіргі геосаяси жағдайларда әуекомпаниялары жекелеген нарықтардағы өзгерістер мен сұраныс динамикасын ескере отырып, өз маршруттық желілерін икемді түрде бейімдеуде. Осы тұрғыда Қытай және жалпы Азия бағыты жоғары әлеуетін сақтап отыр», - деді «FlyArystan» АҚ Президенті және бас атқарушы директоры Йохан Эйдхаген.
Бұған дейін FlyArystan әуекомпаниясы Астана – Үрімжі – Астана бағыты бойынша рейстердің қайта жанданатынын хабарлаған болатын. Аталған рейстер 31 мамырдан бастап аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Еске салсақ, FlyArystan Астана мен Ақтаудан ұшатын рейстерді көбейтіп жатқанын жаздық.
