Алан Құрманғалиев үстел теннисінен әлем чемпионатының ширек финалына өтті

26 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен әлем чемпионатының ширек финалына өтті
olympic.kz

Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Клуж-Напокеде (Румыния) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финал жолдамасы үшін бақ сынайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Спортшы аралас жұптық сында Мысыр өкілі Хана Годамен бірге өнер көрсетіп, ширек финалға өтті.

Олар 1/8 финалда жапониялық Казуки Ёшияма/Юна Оджио жұбынан басым түсіп, кездесуді 3:2 есебімен аяқтады.

Ширек финалда Құрманғалиев пен Года қытайлық Ли Хэчэн/Цинь Юйсюань жұбына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Алан Құрманғалиев U19 жас санатында өнер көрсетеді.