06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алаяқтар рәсімдеген кредиттерді банктер өздері төлейді — Қаржы нарығын реттеу агенттігі

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алаяқтар рәсімдеген кредиттерді банктер өздері төлейді — Қаржы нарығын реттеу агенттігі

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрайымы Мәдина Әбілқасымова қандай жағдайда алаяқтар рәсімдеген несиені банктер қандай жағдайда өздері төлейтінін айтты. Оның сөзінше, мұны сот арқылы және сот қатысуынсыз жүзеге асыруға болады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Несие клиенттің рұқсатынсыз берілсе және ол биометриялық тексеруден өтпесе, онда қарызды соттан тыс тәртіпте есептен шығаруға болады. Бұл тұрғыда қылмыстық қудалау органдарына өтінім тапсыру керек. Олар несие алаяқтық жолмен берілген деп тану туралы тиісті қаулы шығарады. Осының негізінде қарызды есептен шығаруға болады, - деді ол.

Әбілқасымованың айтуынша, биометрияның өзін қолдан жасап, банктік тексеруден өтетіндер бар.

Клиенттер биометриядан өткенін жиі көреміз. Дегенмен жалған биометрия жағдайлары да кездесіп жатыр. Мұндай жағдайларда алаяқтықты сот арқылы дәлелдеу керек. Осы орайда сот тәртібінде қарызды есептен шығару негіздерін айтарлықтай кеңейттік. Егер несие толығымен клиенттің келісімінсіз берілсе, ол міндетті түрде соттың қарауынсыз есептен шығарылуы керек. Тиісті норма бар, оны іске асыру тәртібі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп бекітілді, - деп айтты Әбілқасымова.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗