Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында қола медальге ие болды

26 қазан, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында қола медальге ие болды
Фото: ҰОК

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. 

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың қола жүлдесі үшін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Цао Лигомен жолықты.

Тартысты өткен айқаста Айдос Сұлтанғали 5:1 есебімен жеңіске жетті. 

Еске салсақ, Айдос Сұлтанғали былтыр Загребте өткен әлем чемпионатында алтын тұғырға көтерілген еді. 

Осылайша ұлттық құрама қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Исхар Курбаев (55 келі) үшінші орын алған еді.

Еске салайық, бұдан бұрын Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионатының ашылу салтанаты өткенін жаздық.