05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдық амбулатория салынады

|
Photo: Фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдық амбулатория салынады

|
Photo: Фото: freepik.com

Ақмола облысында мемлекетке қайтарылған қаражаттың бір бөлігі әлеуметтік жобаларға бағытталды. Соның нәтижесінде Пятигорское ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жарқайың ауданының прокуроры Олжас Уәлиев жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге құрылыс нысанында болып, жұмыстардың барысымен танысты.
Прокуратураның мәліметінше, амбулатория алты елді мекеннің 1800-ден астам тұрғынын алғашқы медициналық қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 95 пайызы аяқталған.

Жоспар бойынша, медициналық мекеме осы жылдың үшінші тоқсанында толық пайдалануға беріледі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗