Таразда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзіне тиесілі жер учаскесінің шекарасынан тыс сауда орталығына қосымша құрылыс салғаны анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Тараз қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына сілтеме жасап.
Құрылыс қосымшасы көлемі учаскенің шекарасынан 4 метрге артық созылған. Ал оған қатысты қажетті құжаттар болмай шыққан.
Сотта ЖШС өкілі кінәсін толық мойындап, құқықтарды ресімдеу үшін қосымша жер учаскесін беру туралы өтінішпен қала әкімдігіне жүгінгенін түсіндірді.
Кінәні мойындауды, құқық бұзушылықты алғаш рет жасауды, жер учаскесіне құқықтарды ресімдеу бойынша қабылданып жатқан шараларды және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, сот айыппұл мөлшерін 30%-ға төмендетті.
Соынмен қатар, кәсіпкерге заңсыз тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзғызбай, 90 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Астанада көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің заңсыз құрылысы анықталғаны туралы жаздық.