07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXI еңбек маусымы жабылды

|
Photo: Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXI еңбек маусымы жабылды

|
Photo: Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXI еңбек маусымы аяқталды. Салтанатты рәсім Қарағанды облысында өтті. Оған колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, еңбек жасақтарында болған жастар және өңір тұрғындары – жалпы 3000-ға жуық адам қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шара аясында маусым бойы жемісті еңбек еткен өңірлік штабтар, сондай-ақ жастар ресурстық орталықтары марапатталды.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында «Жасыл ел» қозғалысын насихаттау, тәжірибе алмасу, белсенді қауымдастық қалыптастыру және бос уақытты тиімді пайдалану.

2025 жылдың қорытындысы бойынша «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 34 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды, олардың ішінде шамамен 14 мыңы – ауыл жастары. Ең көп қатысушылар Астанада тіркелді. Қатысушы саны –  5200 адам.

«Жасыл ел» бағдарламасы 2005 жылдан бері жүзеге асып келеді және студенттік жастар жасақтарының қызметін жаңғыртқан бірегей бастама. Бағдарлама жастардың жұмыспен қамтылуына, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға зор ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗