17–22 маусым аралығында Қытайдың Шаосин қаласында өткен эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы чемпион атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Байрақты додаға Азияның 9 елінен 105 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы аралас 4×400 метр эстафетада 3:16,75 нәтижесін көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті. Аталған дисциплинада Аделина Земс, Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов және Мария Шувалова өнер көрсетті.
Айта кетелік, күміс жүлдені Үндістан құрамасы иеленсе, үздік үштікті Қытай командасы түйіндеді.
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
21 маусым, 2026
Фото: Туризм жəне спорт министрлігі
Ұқсас жаңалықтар
2 қараша, 2026
Астананың 600 мыңнан астам тұрғыны спортпен шұғылданады
2 қараша, 2026
Загребтегі Гран-при кезеңінде ел намысын 19 дзюдошы қорғайды
2 қараша, 2026
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында екі алтын жеңіп алды
2 қараша, 2026
Триатлоншы Егор Крупяков Азия кубогында күміс медаль жеңіп алды