Сенаторлар жаңа Конституцияның қоғам үшін маңызын түсіндірді
Жаңа Конституция жобасына қатысты сенаторлар Жанна Асанова, Нұрлан Бекназаров және Амангелді Есбайдың пікірлері жарық көрді, деп хабарлайды Elordainfo.kz egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Сенатор Жанна Асанованың пікірінше, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесінің сипатына әсер етпек.
«Ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқарудың неғұрлым әділетті және жауапты үлгісін қалыптастыруға, заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға, еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі азаматтардың рөлін арттыруға бағытталған», - деді Жанна Асанова.
Сенатор Нұрлан Бекназаровтың пікірінше, жаңа Конституция жобасында әлеуметтік әділеттілік мәселесіне ерекше назар аударылған.
«Сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету, педагог мәртебесін нығайту, әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын сақтау, мемлекеттің құқықтық негіздерін дамыту – жаңа Конституция жобасының маңызды бағыттарының бірі», - деп ойын айтты сенатор.
Сенатор Амангелді Есбай жаңа Конституция жобасының стратегиялық маңызына тоқталып былай дейді:
«Жаңа Конституцияның жобасы еліміздің бұдан былайғы даму келбетін айқындайтын стратегиялық құжат ретінде жалпыхалықтық талқылауға шығарылды. Құжатта мемлекеттік басқарудың неғұрлым теңдестірілген жүйесін қалыптастыру, билік институттарының жауапкершілігін күшейту мен азаматтар құқықтарының кепілдіктерін нығайту көзделіп отыр», - деген пікір білдірді Амангелді Есбай.
Айта кетейік, Бельгияда қазақ жастары алдағы республикалық референдумды талқылады.