Заң мен тәртіп: Елордада отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылық мәселесі талқыланды
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Сарыарқа» ауданының прокуратурасы белгілі теолог Нұрлан Асановтың қатысуымен аудан тұрғындарымен отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz аудан прокуратурасына сілтеме жасап.
Іс-шара барысында отбасылық құндылықтарды нығайту, қоғамдағы отбасы институтының рөлін арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және өзара құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Қатысушыларға қолданыстағы заңнама нормалары, отбасылық-тұрмыстық салада құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылық шаралары, сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері түсіндірілді.
Ашық диалог форматында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, отбасылық жанжалдарды шешу бойынша ұсынымдар мен өзекті мәселелерге қатысты құқықтық түсіндірмелер алды.
Астана қаласының прокуратурасы отбасы институтын нығайтуға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қоғамда заңдылық, құрмет пен өзара жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды өткізуді жалғастырады.