Волейбол: «Тұран» Орталық Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты
6 ақпан, 2026
Фото: turan_club instagram парқшасы
Волейболдан әйелдер клубтары арасында Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында өтіп жатқан Орталық Азия чемпиондар лигасында «Тұран» командасы екінші кездесуінде жеңіске жетті.
Бұл жолы түркістандықтар «WAMCO» (Мальдив) командасымен шеберлік байқасты.
Тартыстылау өрбіген бірінші партияда түркістандықтар басымдылық танытты - 25:21. Қалған екі сет тіпті оңайға түсті – 25:8, 25:8. Қорытынды есеп – 3:0.
Осылайша, Асқар Шалқыбековтің шәкірттері өз тобынан бірінші орынмен жартылай финалға жолдама алды.
Бұған дейін елордада «Бұрқасын-2026» қысқы спорт фестивалі өтетінін жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйек, 2026
Қазақстандық шпагашылар Азия ойындарының чемпиондары атанды
27 қыркүйек, 2026
Алматыда 15-ші Almaty Marathon өтті
27 қыркүйек, 2026
Азиада-2026: Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева алтын медаль жеңіп алды
26 қыркүйек, 2026
Пара дзюдодан елордалық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды