Референдум-2026

«Калашников» фильміндегі актерге ұқсайтын сарбаз Ұлттық ұланда борышын өтеп жүр

8 шілде, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
«Калашников» фильміндегі актерге ұқсайтын сарбаз Ұлттық ұланда борышын өтеп жүр
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Ақтөбелік Никита Масляник ҚР ІІМ Ұлттық ұланында мерзімді әскери қызметін өткеріп жүр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5513 әскери бөлімінде әскери борышын атқарып жүрген ол алғашқы күннен-ақ сырт келбетімен қаруластарының назарын аударған. Олар сарбаздың түрі «Калашников» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Юрий Борисовқа ерекше ұқсайтынын айтады.

Сарбаздың айтуынша, дәл осы салыстырулардан кейін ол «Калашников» көркем фильмін тамашалаған. Картина аты аңызға айналған атыс қаруын құрастырушы Михаил Калашниковтың өмір жолы мен кәсіби қалыптасуы туралы баяндайды. Фильм Никитаға ерекше әсер қалдырған.

Әсіресе әйгілі конструктордың өміріндегі маңызды кезеңдердің Қазақстанмен тығыз байланысты болғанын білу жас жауынгер үшін күтпеген жаңалық болды.

«Қазіргі таңда Никита Масляник Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінде әскери міндетін абыроймен атқарып, әскери мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, кәсіби дағдыларын шыңдап келеді. Оның айтуынша, әскер өмірі тәртіпке баулып, жауапкершілікті арттырып, ер мінезді шыңдауға үлкен ықпал етеді», делінеді хабарламада.

Белгілі актермен ұқсастығына қарамастан, жас сарбаз үшін ең бастысы – әскери антқа адал болып, Отан алдындағы борышын абыроймен өтеу.