Референдум-2026

Ұлттық теледебатқа қатысатын партия өкілдері белгілі болды

Бүгін, 15:27
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ұлттық теледебатқа қатысатын партия өкілдері белгілі болды
Фото: Qazaqstan телеарнасы

Qazaqstan телеарнасының тікелей эфирінде өтетін ұлттық теледебатқа 7 саяси партияның өкілдері қатысады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Пікірсайыс барысында партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, ел дамуының басым бағыттары бойынша партиялық ұстанымдарын ортаға салады.

Теледебатқа қатысушылар:

• Ренат Бектұров – «Әділет» партиясы;

• Тазабек Сәмбетбай – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;

• Нұргүл Қадырбаева – «Байтақ» партиясы;

• Ислам Сұңқар – Қазақстан Халық партиясы;

• Серік Егізбаев – «Ауыл» партиясы;

• Олжас Нұралдинов – «Ақ жол» партиясы;

• Екатерина Смолякова – Respublica партиясы.

Еске сала кетейік, ұлттық теледебат 29 шілде күні 19:25-те Qazaqstan телеарнасынан және ресми әлеуметтік желідегі парақшалардан тікелей эфирде көрсетіледі.