Түркістан облысында теміржолға шыққан 5 жасар баланы пойыз қағып кете жаздады

Түркістан облысында теміржолға шыққан 5 жасар баланы пойыз қағып кете жаздады
Фото: ҚТЖ

20 маусымда сағат 15:08-де Түркістан – Шиелі учаскесінде, Шорнақ станциясы ауданында №7/8 Алматы-2 – Саратов жолаушылар пойызының машинисі темір жолға шығып кеткен бес жасар баланы байқап, пойызды шұғыл тотқатуына тура келді, деп хабарлайды Elordainfo.kz «ҚТЖ» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.  

Локомотив бригадасы 70 км/сағ болатын пойыз жылдамдығында шұғыл тежеуді қолданды, соның арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды.
Кейін пойыз 4 минутқа кешікті.

«Темір жол учаскесі қоршалға, соған қарамастан бала қауіпті аймақта ересектердің қарауынсыз жүрген. Локомотив бригадасының кәсібилігі мен қырағылығының арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді», делінген хабарламада.

ҚТЖ ата-аналарды балаларды темір жол жанында қараусыз қалдырмауға және оларға темір жол көлігі объектілерінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіруге шақырады.