Референдум-2026

Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

13 тамыз, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады
Фото: Ақорда

Нұрлан Әбдіров Мемлекет басшысына биыл 23 тамыз күні өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық барысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Президент бұл сайлау науқанының тарихи сипаты мен қоғамдық-саяси маңызы айрықша екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауды «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ашық әрі барлық қатысушыға тең жағдай жасау арқылы өткізу қажеттігіне баса назар аударды.

Еске салайық, бұған дейін Президент Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдаған болатын.